«Қазақстанның түсті және қара металдарының сынықтарын дайындаушылар мен қайта өңдеушілерінің өзін-өзі реттейтін ұйымы» ЗТБ (ӨРҰ) (бұдан әрі – Қауымдастық) 2017 жылғы 08 тамызда негізі қаланды және Әділет министрлігінде тіркелді.
Қауымдастық өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады, заңды тұлға құқығынсыз өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құрады, сондай-ақ халықаралық одақтардың (қауымдастықтардың) қатысушысы бола алады.
Қауымдастық қайталама металлургия саласындағы ережелерді, стандарттар мен біліктілік талаптарын әзірлеумен және бекітумен, олардың сақталуын бақылау тетігін анықтаумен айналысады.
ӨРҰ шеңберінде заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу саласындағы біліктілік талаптарының сақталуын бақылайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік және басқару органдарында Қауымдастық мүшелерінің заңды құқықтарын қорғайды және заңды мүдделерін білдіреді. Әрі қарай ...