Қауымдастыққа қара және түсті металдардың сынықтарын дайындаумен және қайта өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар кіре алады.
Кіру және мүшелік жарналарды төлеу
- ӨРҰ - ға кіруге ниет білдірген ұйым 5 (бес) АЕК сомасында кіру жарнасын төлейді.
- Жыл сайынғы мүшелік жарналар 360 (үш жүз алпыс) АЕК құрайды, төлем кезеңділігі ай сайынғы мүшелік жарна мөлшерінің тең үлестерімен белгіленеді.
Қауымдастық мүшелігіне кіру үшін тиісті өтінім беру және келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Тіркелу туралы анықтама;
- Жарғы;
- Бірінші басшы лауазымына кіріскені туралы бұйрықтың көшірмесі;
- Сенім білдірілген тұлға өтінімге қол қойған жағдайдағы сенімхат;
- Банк деректемелері туралы ақпарат;
- Қауымдастыққа кіргені туралы өтініш.
Қауымдастыққа кіру туралы өтініш - жүктеу...
info@sro-lom.kz немесе поштасына жазыңыз не өтінімді толтырыңыз